6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
adilettv Жаңалықтар Қоғам

Instagram желісіндегі ашулы жазбасы үшін қазақстандық әйелге 664 мың теңге айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының тұрғынына Instagram желісіндегі ашулы жазбасы үшін айыппұл салынды. Сот оны көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп тапты, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі Алтай аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алтай аудандық сотының мәліметінше, әйел жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылған. Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 2022 жылдың шілде айынан бері Алтай қаласындағы дәмханада аспаз болып жұмыс істеген. 2023 жылдың қарашасында дәмхана басшысы әйелді жұмыстан шығарып жіберген. Осыдан кейін бұрынғы қызметкер ашулы күйде Instagram парақшасында дәмхананың лас жағдайларда жұмыс істейтінін айтып видео жариялаған. 2024 жылдың қаңтарында дәмханада тексеру жүргізіліп, нәтижесінде видеода көрсетілген уәждер расталмаған және ешқандай заң бұзушылықтар анықталмаған.  Сот отырысында азаматша өз кінәсін мойындап, әлеуметтік желідегі жазбасын өшіріп тастағанын айтты. Айыпталушы соттан өзіне әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолдануды сұрады. Сот айыпталушыға 180 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (664 560 теңге) әкімшілік айыппұл салды. Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, айыппұлды 30 пайызға азайтты. Нәтижесінде айыппұл көлемі 434 700 теңгені құрады.

Бөлісу

Related posts

АҚШ билігі смартфондар нарығын монополияландырды деп айыптап, Apple компаниясына қарсы іс қозғады

admin

Кейт Миддлтоннан қатерлі ісік анықталды

admin

Көкшетау станциясында бес пәкістандық ұсталды

admin

Leave a Comment