0.3 C
Shymkent
25 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан халқының саны 20,05 миллион адамға жетті

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жанындағы Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың 1 ақпанына қарай Қазақстан тұрғындарының саны айтарлықтай өсті, деп хабарлайды AdiletTV.

Бюро ұсынған деректер ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазақстан халқының саны 20 мыңнан астам адамға өсіп, 20 033 546 адамды құрағанын көрсетеді.

Қазақстандағы қала халқының саны 22,65 мың адамға өсіп, 12,47 миллион адамға жеткені, ауыл тұрғындарының саны 2,5 мың адамға азайып, 7,58 миллион адамға жеткені атап өтілді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың басында жалпы халық саны 19 766 807 адамды құрады.

2023 жылдың басындағы этникалық құрамы мынадай болды: қазақтар – 13 965 956 адам (70,7%), орыстар – 3 000 611 адам (15,2%), өзбектер – 643 363 адам (3,3%).

Бөлісу

Related posts

Ұлытау облысындағы жолдарды еріген қар суы батырып жатыр

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

admin

Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады