27.3 C
Shymkent
5 июля, 2025
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан халқының саны 20,05 миллион адамға жетті

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жанындағы Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың 1 ақпанына қарай Қазақстан тұрғындарының саны айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Aspan.info.

Бюро ұсынған деректер ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазақстан халқының саны 20 мыңнан астам адамға өсіп, 20 033 546 адамды құрағанын көрсетеді.

Қазақстандағы қала халқының саны 22,65 мың адамға өсіп, 12,47 миллион адамға жеткені, ауыл тұрғындарының саны 2,5 мың адамға азайып, 7,58 миллион адамға жеткені атап өтілді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың басында жалпы халық саны 19 766 807 адамды құрады.

2023 жылдың басындағы этникалық құрамы мынадай болды: қазақтар – 13 965 956 адам (70,7%), орыстар – 3 000 611 адам (15,2%), өзбектер – 643 363 адам (3,3%).

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Полиция InDriver таксистерін алдап жүрген қазақстандықты ұстады

Семейдегі су тасқыны: тұрғын үйлерге қауіп төніп тұр ма?

admin

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ 150 ОТБАСЫНА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАБЫСТАЛДЫ

admin

Пікір қалдырыңыз