0.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев Премьер-Министр Бектеновті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Премьер-Министр елдегі ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жоспарлары туралы баяндады. Сондай-ақ Премьер-Министр отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

«Қазақстандық қамту үлесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар және квазимемлекеттік сектор үшін сатып алу рәсімдерін жетілдіру жұмыстары басталды», — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша келешегі бар салаларды қарқынды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты. Мемлекет басшысына заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның қызметі туралы да баяндалды.

«Мемлекет басшысы еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар тапсырмалар берді», — делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, 2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Бектенов ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды.

 

Бөлісу

Related posts

Алматы іргесіндегі үлкен тұрғын үй кешені жер сілкінісі болған күні жылусыз, ыстық сусыз қалды

admin

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

admin

Көктайғақ және тұман: Астана мен 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

Leave a Comment