3.3 C
Shymkent
24 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

Ержүрек полицей бір отбасын өрттен аман алып қала жаздады.

Ақтөбе облысында полицей Әділ-Қаһар Қадіров бір отбасын өрттен аман алып қалды, — деп хабарлайды AdiletTV тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыздың 1-і күні Байғанин ауданының аға инспекторы Әділ-Қахар Қадіров жұмысқа бара жатқанда көршілерінің үйінен қою түтін шыққанын көрген. Полицей жақынырақ келіп, өртті көрді.

«Әділ-Қаһар үй иесін айғайлап оятып, кәмелетке толмаған үш баланы бірінен соң бірін көтеріп әкетті. Ол ең кенжесі 5 жасар баланы көтеріп келе жатқанда, есінен танып құлап қалды», — деп нақтылады полиция.

Осы кезде өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері келіп, полицейді үйден шығаруға көмектесті. Ол уланып ауруханаға жатқызылды. Қазір тәртіп сақшысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бөлісу

Related posts

«Меркур Таун» ТК күзетшісін өлтіруге күдікті бұрынғы депутаттың ұлы болып шықты — БАҚ

admin

Қазақстандықтар демалыс күндері шуақты болады деп уәде берді

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС БОКСШЫЛАРЫ БІР АПТАДА 6 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

admin