3.3 C
Shymkent
13 декабря, 2024
Жаңалықтар Қоғам

«Тексерумен келемін»: Шымкентте жалған өрт сөндіруші хостел меңгерушісін алдап, ақшасын жымқырған

Алаяқты жедел іс-шаралардың нәтижесінде қалалық ПД-нің киберполицейлері құрықтады. Ұсталған азамат Шу қаласының 27 жастағы тұрғыны.

Тергеу барысында анықталғаны, ол бұрын-соңды осы қонақ үйде бірнеше рет болып, меңгерушінің жеке нөмірін біліп алған. Кейін, оған хабарласып, өзін өрт сөндіру қызметкері ретінде таныстырады. Қаскөй хостел ғимараты қауіпсіздік талаптарына толық сай келмейтінін және тиісті сертификаттың мерзімін 58 мың теңгеге ұзарта алатынын жеткізген. Сенгіш азамат бірден қажет соманы айтылған шотқа аударған.

Уақыт өте, алаяқтың арбауына түскенін білген жәбірленуші полицияға жайт туралы хабарлаған.

Қазіргі таңда қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Құқыққорғаушылар ескертеді: егер сізге бейтаныс тұлға қоңырау шалып, түрлі мәселеңізді шешу үшін ақша талап етсе, әңгімені үзіп, ақпаратты тексеріңіз. Аса қырағы болып, жақындарыңыз бен таныстарыңызға алаяқтықтың түрлері туралы ақпарат беріңіз.

Бөлісу

Related posts

Әлеуметтік желілерде Рудный қаласындағы мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпарат таратылды

admin

Алматыда жер сілкінісінен кейін мектеп жарықшақтармен жабылды

Астанада екі африкалық әйел интимдік қызмет көрсету салонын ұйымдастырды

admin