21.1 C
Shymkent
18 мая, 2025
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев Путинмен сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды AdiletTV тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухындағы екіжақты көпқырлы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Әңгімелесушілер өткен жылдың қарашасында Ресей Президентінің Астанаға ресми сапары және Қазақстан басшысының Қазанға таяудағы жұмыс сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы туралы талқылады. Энергетика, транзит және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды тиімді ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді.

Ел басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Ақпан айында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазанға жұмыс сапарымен барып, онда «Болашақ ойындарының» ашылу салтанатына қатысты, сондай-ақ бірқатар кездесулер өткізді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Вейптің салдары. Астанада тыныс алу органдарының 450 мың ауруы тіркелді

admin

Семейдегі су тасқыны: тұрғын үйлерге қауіп төніп тұр ма?

admin

Ақтау тұрғындары 8 наурызда автобустармен тегін жүреді

admin

Пікір қалдырыңыз