6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Шымкент

«Тексерумен келемін»: Шымкентте жалған өрт сөндіруші хостел меңгерушісін алдап, ақшасын жымқырған

Алаяқты жедел іс-шаралардың нәтижесінде қалалық ПД-нің киберполицейлері құрықтады. Ұсталған азамат Шу қаласының 27 жастағы тұрғыны.

Тергеу барысында анықталғаны, ол бұрын-соңды осы қонақ үйде бірнеше рет болып, меңгерушінің жеке нөмірін біліп алған. Кейін, оған хабарласып, өзін өрт сөндіру қызметкері ретінде таныстырады. Қаскөй хостел ғимараты қауіпсіздік талаптарына толық сай келмейтінін және тиісті сертификаттың мерзімін 58 мың теңгеге ұзарта алатынын жеткізген. Сенгіш азамат бірден қажет соманы айтылған шотқа аударған.

Уақыт өте, алаяқтың арбауына түскенін білген жәбірленуші полицияға жайт туралы хабарлаған.

Қазіргі таңда қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Құқыққорғаушылар ескертеді: егер сізге бейтаныс тұлға қоңырау шалып, түрлі мәселеңізді шешу үшін ақша талап етсе, әңгімені үзіп, ақпаратты тексеріңіз. Аса қырағы болып, жақындарыңыз бен таныстарыңызға алаяқтықтың түрлері туралы ақпарат беріңіз.

Бөлісу

Related posts

Илон Маск планетадағы ең бай адам мәртебесін жоғалтты

admin

Алматыда жоғалған жасөспірімді үш тәулік бойы іздестіруде

admin

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ 150 ОТБАСЫНА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАБЫСТАЛДЫ

admin

Leave a Comment