Жаңалықтар Қоғам

Ақтау сауда орталығындағы эскалаторда бала саусағынан айырылып қалды

Сауда орталығындағы эскалаторда жеті жасар қыз зардап шекті. Қазір бала Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр, — деп хабарлайды AdiletTV тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиғаға облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Маңғыстау көпсалалы балалар ауруханасына жеті жасар қыз жарақатпен түсті — бала саусағының бір бөлігін жоғалтты. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қызға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Науқасқа емделіп жатыр. Оңалту емдеу курсы, болжам жасауға әлі ерте», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Қорқамыз». Алматыда көп қабатты тұрғын үйдің қабырғасы құлайын деп тұр

Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғау туралы заңдарға қол қойды

Қарағандыдағы шабуыл: жедел жәрдем жүргізушісі келтірілген шығынды өтеуді талап етпек