Қоғам

Жетісудан инвесторларға 3 жыл бойы жер берілмеді

Жетісу облысында инвесторларға 3 жыл бойы жер берілмеді, — деп хабарлайды AdiletTV тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Қадағалау органының мәліметінше, екі шаруа қожалығы үш жылдан астам уақыт бойы бордақылау алаңын салу және ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру үшін жер телімдерін ала алмай жүрген.

«Жер заңнамасына қайшы, жергілікті атқарушы орган жер телімдерін беруден негізсіз бас тартты. Қадағалау актісін ұсынғаннан кейін инвесторларға жалпы көлемі 39 гектар жер телімдері беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада. деп хабарлады прокуратура.

Еске салайық, бұған дейін Астанада инвестор мүлікті тіркеу кезіндегі қағазбастылық салдарынан 3 мың адамды жұмыспен қамтитын 11 миллиард теңгелік инвестициялық жобасын іске қоса алмаған болатын.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШАРДАРА МЕН ЖЕТІСАЙ АУДАНДАРЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ АЛУ ЖОЛДАРЫ АЙТЫЛДЫ

admin

Алматы облысында «резеңке» пәтерлер табылды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС БОКСШЫЛАРЫ БІР АПТАДА 6 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ