21.3 C
Shymkent
21 июля, 2024
Жаңалықтар Қоғам

«Әдепсіз әрекет жасады»: әлеуметтік желідегі видеодан кейін мұғалім жұмыстан қуылды

Қостанайлық балабақша тәрбиешісі әдепсіз әрекеті үшін жұмыстан қуылды, — деп хабарлайды AdiletTV тілшісі.

Әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісі үстел басында отырған қызды қағып кеткен видео пайда болды. Түскі ас кезінде баланың қасықты түсіріп алғаны мұғалімнің ашуын келтіргені атап өтіледі.

Видеоға қыздың әкесі түсініктеме берген көрінеді. Ер адам баланың бетіндегі соққыдан гематома және сызат алғанын айтады. Тергеу және балабақшадағы бейнебақылау камерасынан түсірілген жазбаны қарау барысында бұл жеке оқиға емес екені белгілі болды. Білім басқармасы мұғалімнің енді балалармен жұмыс істемейтінін хабарлады.

«Қызметтік тексеру жүргізіліп, оның барысында мұғалімнің өз міндеттерін дұрыс орындамағаны және одан әрі еңбек қызметімен үйлеспейтін әдепсіз әрекетке барғаны анықталды.Оқытушыны Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыстан босату туралы шешім қабылданды», — деді. Қостанай қаласы әкімдігінің мектепке дейінгі білім беру бөлімінің аға әдіскері Татьяна Жихарева.

Полицейлер аталған мекеменің мұғаліміне қатысты аталған факті бойынша «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» 73-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік материал жиналғанын хабарлады. Медициналық тексеру қорытындысы шыққаннан кейін мұғалімді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Осыдан 6 жыл бұрын жоғалып кеткен Астана тұрғыны аман-есен табылды

admin

Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс күнімен құттықтады

admin

Екі астаналық криптобиржадан заңсыз түрде жеті миллиард теңгеден астам табыс тапты