Жаңалықтар Қоғам

Жер сілкінісі: қанша алматылықтар үйлеріне зақым келгенін хабарлады

Қазір (сағат 22:23-тегі жағдай бойынша) Алматыда әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлердің зақымдануы туралы 156 арыз түсті, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ олар сенім телефонына барлығы 239 ақпараттық қоңырау түскенін хабарлады.

«Халықты қабылдау пункттерінде 102 адам болса, оның 43-і балалар. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары, сондай-ақ әуежай, вокзал және метро штаттық режимде жұмыс істейді», — деп хабарлады ведомстводан.

Алматылықтар жер сілкінісінен кейін су құбырларының сынуына, қабырғалардың жарылуына, әйнектің сынуына шағымданып жатқанын жазған едік.

 

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНҒА 20 МЫҢНАН АСТАМ ТУРИСТ КЕЛЕДІ

Меккеге бару үшін сақтаған: Зейнеткердің ұзақ жылдар бойы қорапта жинаған ақшасын зиянкестер кеміріп, жоқ қылды

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Өзбекстан мен Тәжікстанның 17 азаматын тас жолда құтқарып қалды.

admin

Пікір қалдырыңыз