8.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

Астанада екі африкалық әйел интимдік қызмет көрсету салонын ұйымдастырды

Астанада полицейлер рейд барысында пәтерлердің бірінде интимдік қызмет көрсеткен екі африкалық әйелді ұстады, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Африка құрлығының екі азаматы пәтер жалдап, массаж қызметін ұйымдастырғаны хабарланды. Осы фактіге сүйене отырып, шетелдіктерді бес жылға шектеумен елден шығару мәселесі шешілуде.

Жедел бөлімшелер Қазақстан астанасындағы жергілікті рейдтер барысында барлығы шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуінің бес фактісін анықтады.

Жұмыс күні ішінде 119 шетелдіктің елімізде болу тәртібіне қатысты бұзушылықтары анықталды, оның ішінде 58-і болу мерзімін бұзған, 61-і заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Сондай-ақ, 19 қазақстандық анықталды, оның 13-і шетелдіктердің бар-жоғын уақтылы хабардар етпегені үшін, алтауы шетелдік жұмыс күшін тиісті рұқсатсыз заңсыз пайдаланғаны үшін. 33 шетелдік жеке басын анықтау мақсатында қабылдау-бөлу орнына орналастырылды.

Қалдықтарды өңдеу зауытының аумағында жүргізілген рейдтер барысында жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Өзбекстанның 37 азаматы анықталды. 24 шетелдік азаматтың жеке басын анықтау үшін қабылдау-бөлу пунктіне орналастырылды, 13-іне заңсыз еңбек қызметі үшін әкімшілік материалдар толтырылды.

Бөлісу

Related posts

Қазақстан Әзірбайжан үшін Физули қаласында балалар шығармашылығы орталығын салды

Ұшақ құрастыру кезіндегі ақаулар туралы хабарлаған бұрынғы Boeing инженері өлі табылды

Риддерде құтқарушылар шұңқырға құлаған итті алып шықты

admin

Leave a Comment