3.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

Павлодар облысында жылқы қырылып жатыр

Павлодар облысының бірнеше ауданында жылқы жайылымнан қалды. Тебіндей алмай үйірдегі тай жабағылар құлап жатыр. Ал, жас байталдар құлын тастаған, — деп хабарлайды Aspan,info тілшісі.

Әзірге шығынның нақты саны белгісіз. Тебін ашу үшін Екібастұз, Ақтоғай, Ертіс, Железинка аудандарының шаруалары арнайы техниканы жалға алып, қар ашу жұмыстарын ұйымдастыруға мәжбүр.
Өңірде нақты қанша жылқы өлгені жайлы ақпарат жоқ.

«Железин ауданының даласы жылқының жемтігіне айналды. Әйтсе де, билік бұған аса назар аудармай отыр. Қазірден бастап шаруаларға көмек көрсетпесе іс насырға шауып 2012 жылғы жағдай қайталануы әбден мүмкін. Сол жылы жылқылар жаппай қырылып, жұт болғаны ел есінде», — дейді Железин ауданының белсендісі Аманжол Хамит.

Жергілікті әкімдіктер жем азықтан тарыққан шаруашылықтардың тізімін дайындады. Қазір оларға тауарлық несие түрінде арпа мен бидайдың жармасы беріліп жатыр. Өсімі жоқ тауарлы несиені фермерлер келер күзде қайтарады. Ақшалай немесе астықпен де есеп айырысуға болады.

«Әр округте жылқы малына қиын болып тұр. Тебіндегі малдың бәріне қиын биылғы құрғақшылықтан кейін. Сондықтан осындай кезде бірігіп, сондай азаматтарға көмектесу керек. Ол қиын жағдай енді», — дейді шаруа қожалық басшысы Жұмабай Әбелдінов.

Бөлісу

Related posts

ТАЗАРТУ КҮНІ: САНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАРҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫЛДЫ

Төтенше жағдайлар министрінен астаналық өрт сөндірушіні марапаттау сұралды

8 наурыз күні Шымкентте жан түршігерлік оқиға болды

Leave a Comment