Жаңалықтар Қоғам

«Бір балаға 70 мың теңге». Бірыңғай балалар жәрдемақысы туралы ақпаратқа Еңбек министрлігі түсініктеме берді

Қазақстанда балалар үшін бірыңғай жәрдемақыны енгізу туралы ақпарат мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралуда. Ақпараттық бюллетеньге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсініктеме берді, — деп хабарлайды Aspan.info

Министрлік бұл ақпаратты шындыққа жанаспайды деп атады.

«Мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде министрлік 2024 жылдың шілдесінен бастап балалы отбасыларға әр балаға 70 мың теңгеден бір реттік жәрдемақы енгізетіні туралы дауыстық хабарламалар мен бейнематериалдар түрінде жалған ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат жалған», — делінген хабарламада.

Ведомствода талап етілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS хабарламалар арқылы таралатынын және жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Палестина-Израиль жанжалына тоқталды

admin

Бүкіл әлемде баспана арзандап барады. 2008 жылғы дағдарыстың басы сияқты ма?

admin

КЕНТАУДА ЖАҢА ГАЗ ТУРБИНАЛЫ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Пікір қалдырыңыз