5.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

«Бір балаға 70 мың теңге». Бірыңғай балалар жәрдемақысы туралы ақпаратқа Еңбек министрлігі түсініктеме берді

Қазақстанда балалар үшін бірыңғай жәрдемақыны енгізу туралы ақпарат мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралуда. Ақпараттық бюллетеньге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсініктеме берді, — деп хабарлайды AdiletTV

Министрлік бұл ақпаратты шындыққа жанаспайды деп атады.

«Мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде министрлік 2024 жылдың шілдесінен бастап балалы отбасыларға әр балаға 70 мың теңгеден бір реттік жәрдемақы енгізетіні туралы дауыстық хабарламалар мен бейнематериалдар түрінде жалған ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат жалған», — делінген хабарламада.

Ведомствода талап етілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS хабарламалар арқылы таралатынын және жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Бөлісу

Related posts

ТҮРКІСТАН: МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНІҢ ТАРАЛУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin

«Лексус» көлігімен үйден шығып кетті. Алматы облысында қараша айында жоғалған адам қамыстан табылды

120-дан астам шетелдік Қазақстаннан шығарылды

admin