Алматы әуежайында жалған француз төлқұжаты бар шетелдіктер ұсталды, — деп хабарлайды AdiletTV тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз көші-қон жолы ретінде пайдаланудың кезекті әрекетін тоқтатқаны атап өтілді.
«Сонымен, 2024 жылдың 1 наурызында Алматы халықаралық әуежайында шекаралық бақылау кезінде Франция Республикасының жалған құжаттарын ұсынған екі шетелдік ұсталды.Арнайы техникалық құралдардың көмегімен олардың жарамсыздығы расталды.Жалған төлқұжаттар тәркіленді, шетелдік азаматтар депортацияланды», — деп хабарлады ведомстводан.
Жыл басынан бері мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі шекарашылар жарамсыз және шетелдік төлқұжаттарды пайдаланудың 38 фактісін тоқтатқаны хабарланды.
Еске салайық, 15-16 қаңтарда Алматы әуежайында Франция мен Грекияға жалған құжат ұсынған үш шетелдік ұсталған болатын.