Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтардың деректерінің сыртқа шығуына қатысты тергеу туралы айтты, — деп хабарлайды AdiletTV тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан азаматтарының жеке деректерін жариялауға шетелдік барлау қызметінің қатысы анықталмағанын хабарлады.
«Сонымен бірге, бұрын сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 210-бабының 2-бөлігі («Зиянды компьютерлік бағдарламаларды жасау, пайдалану немесе тарату») бойынша тіркелген үш қылмыстық іс шеңберінде және бағдарламалық өнімдер») Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды объектілеріне қатысты зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату фактілерін тексереді», — делінген хабарламада.
Аталған сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жария етуге жатпайды.
Шпиондық деректер тарады: қай қазақстандық «тыныш ұйықтай алады»
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та қазақстандықтар туралы тыңшылық деректердің желіге тарап кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Кейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге келіп түскен материалдарды талдап жатқанын хабарлады.