20.3 C
Shymkent
15 октября, 2025
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шығып, екі адам зардап шекті

Қостанайдағы техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде ірі өрт болды. Оқиға орнынан екі адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Aspan.info.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт аумағы 290 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер жанып жатқан бөлмеден 27 литрлік бес газ баллонын шығарды.

Бөлім өртті сөндіру жалғасып жатқанын хабарлады. Оқиға орнында 40 адам мен 12 техника жұмыс істеуде. Өрт сағат 21:11-де оқшауланды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ақтау әкімі көлік жуу орындарында суды қайта пайдалануды тапсырды

Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алаяқтыққа барған

admin

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ

admin

Пікір қалдырыңыз