20.3 C
Shymkent
17 сентября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

Ұшақтар тастаған жәрдем жәшіктері Газада көмек күткен палестиналықтарды өлтірді

Газа секторы үстінен ұшақтар тастаған гуманитарлық жүк тиелген бірнеше парашют ашылмай, жерде көмек күткен палестиналықтардың үстіне құлады, — деп хабарлайды AdiletTV Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, тез құлаған жәшіктер Шати босқындар лагерінде және Газаның солтүстігіндегі Джала көшесінде гуманитарлық көмек күтіп тұрған бейбіт тұрғындарға құлаған. Оқиға салдарынан, алдын ала мәлімет бойынша, бес адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жараланған.

Египет, БАӘ, Иордания, Катар, Оман және Бахрейн соңғы аптада Газа секторына әуе көмегін жеткізу үшін бірлескен операциялар жүргізді.

Бұған дейін гуманитарлық көмекке қол жеткізгісі келген палестиналықтар қиын уақытты бастан өткерген, себебі әуеден Газаға түскен көмектің бір бөлігі теңізге түсіп кеткен. Олардың кейбіреулері шағын балық аулау қайықтарымен теңізге шықты, ал кейбіреулері жүк жәшіктеріне жету үшін жүзіп кетті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар аштық, шөлдеу және гигиеналық материалдардың жетіспеушілігінен туындаған аурулар белең алған Газада атысты тоқтатуға және гуманитарлық көмек ағынын арттыруға шақыруда.

7 қазаннан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан 30 800 палестиналық, оның ішінде кемінде 13 430 бала қаза тауып, 72 298-і жараланған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Астанада бір күн бұрын жол жөндеушімен болған оқиғаға полиция әрекет етті.

Қарағандыда жүргізуші инсульт алды: полицейлер ұтылмады

26 градусқа дейін аяз және бұрқасын: бүгін, 6 наурызға Қазақстандағы ауа райы