3.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Шымкент

8 наурыз күні Шымкентте жан түршігерлік оқиға болды

Шымкентте жас жігітті жүк пойызы қағып кетіп, мерт болды. Елді дүрліктірген оқиға 8 наурыз күні Жиделі Байсын көшесінде болды, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, марқұм шамамен 18-20 жаста. Пойыз жігітті 20-30 метрге дейін сүйреп, кейін тоқтаған. Көлік полициясы оқиғаның жай-жапсарын әзірге жарияламады. Ведомствоның баспасөз қызметі бұл факті бойынша тергеу жүріп жатқанын ғана хабарлады.

«Аталған факті бойынша Шымкент стансасының желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.Өзге мәліметтерді жария етуге жатпайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін.», — деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу

Related posts

Қазақстанда келісімшарт бойынша сарбаздар қанша жалақы алады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі

admin

Алматыдағы жер сілкінісінен кейінгі мореналық көлдердің жағдайы Төтенше жағдайлар министрлігіне хабарланды.

admin

Жер сілкінісі: қанша алматылықтар үйлеріне зақым келгенін хабарлады

admin

Leave a Comment