3.3 C
Shymkent
24 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан Apple компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстан америкалық Apple компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы AdiletTV тілшісіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

Келіссөздер Қазақстанда Apple компаниясының ресми кеңсесін ашуға қатысты.

Елімізде Apple кеңсесін ашу мәселесі Алматыда ағымдағы жылдың 23 қаңтарында болған жер сілкінісінен кейін туындаған болатын. Содан кейін iPhone қолданушылары смартфондарына хабарлама алмаған.

Айта кетейік, 2021 жылы Өзбекстанда Apple және Netflix өкілдіктерін ашу туралы ақпарат кеңінен талқыланған болатын. Содан кейін олар белгілі әлемдік компаниялардың Өзбекстанда ресми тіркеліп, кеңселерін ашуды жоспарлап жатқанын айтты. Алайда, содан бері бұл туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Егер Apple Қазақстанда өкілдігін ашса, Орталық Азияда бірінші болады.

Бұрын Apple компаниясының кеңсесі Мәскеуде болған, бірақ Украинада соғыс басталғаннан кейін бірден компания Ресейден кетіп, өнім жеткізуді тоқтатты.

Еске салайық, Қазақстанның Microsoft, Google, Amazon компанияларымен суперкомпьютер жасау бойынша келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатынбыз.

Бөлісу

Related posts

Бүкіл әлемде баспана арзандап барады. 2008 жылғы дағдарыстың басы сияқты ма?

admin

ТҮРКІСТАНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӨРМЕ ӨТТІ

admin

Францияда Мәскеудегі лаңкестік шабуылдан кейін террористік қауіптің ең жоғары деңгейі енгізілді