0.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА ДЕГЕН ЫНТАСЫН ОЯТУ КЕРЕК»

Түркістан облысында көгалдандыру, санитариялық тазалықты сақтау, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Дегенмен, әлі де олқылықтар бар. Аталған кемшіліктер Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды.
Өңір басшысы Дархан Сатыбалды тазалық жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмай отырған аудан, қала әкімдеріне ескерту жасады.
– Елді мекендеді абаттандыру, нысандарды әктеу, сырлау, тазалау жұмыстарын апта сайын жиналыста қадағалап отырамыз. Басқа мемлекеттердің, облыстардың тәжірибесін қарап көріңіздер. Ауылдар мен елді мекендердегі қоқыс мәселесін шешу керек. Оны сырттан біреу келіп тастамайды, өзіміздің адамдар тастайды. Полиция, прокуратура, әкімдік, және тиісті басқармалар бірлесе жұмыс атқарғаны жөн. Тұрғындардың қоршаған ортаны қорғауға деген ынтасын ояту керек. Аудан, қала әкімдері гүл, ағаш егуді жандандырыңыздар. Тазалық, абаттандыру бойынша тапсырманы орындамаған басшылардың жауапкершілігі бойынша заң шеңберінде жұмыс жүргізіледі, – деді Дархан Сатыбалды.
Жиында облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің инспекторы Жамбыл Қожамбеков санитарлық тазалау жұмыстары барысындағы кемшіліктер мен мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, аудан, қалаларда абаттандыру, көгалдандыру, жол бойындағы үйлердің қасбеттерін және қоршауларын ретке келтіру жұмыстары тұрақты бақылауда. Қозғалыс, тиісті жұмыс бар. Алайда бірқатар кемшіліктер жүйелі түрде қайталануда. Зерделеу жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктер анықталып, жауапты лауазымды тұлғаларға тәртіптік шара қабылданған. Облыс әкімінің тапсырмасымен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу

Related posts

S&P Қазақстанның тәуелсіз несие рейтингін растады

admin

Эрдоган: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен балалар мен әйелдер зиратына айналдырды»

admin

Антикор сообщает о задержании председателя Комитета противопожарной службы МЧС 49-летнего генерал-майора Нурболата Бекболатулы ДЕРБИСОВА.

Leave a Comment