22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Шымкент

СӘКЕН БИБОСЫНОВ ЕКІНШІ ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан іріктеу кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы 5 жолдама жеңіп алды. Солардың бірі Түркістан өңірінің спортшысы, ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Сәкен Бибосыновқа бұйырды.

51 келіде бақ сынаған әлем чемпионы Сәкен Бибосынов ширек финалдық жекпе-жекте Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, ұлыбританиялық Киаран Макдональдты 4:0 есебімен жеңді.

Мырзағали Айтжановтың төл шәкірті бастапқы 2 раундта сенімді түрде 5:0 есебімен алға шықты. Ал шешуші раундта сәл босаңсып, соққылар жіберіп алғанымен, үш раунд нәтижесіндегі жеңісті есебін сақтап қалды. Жасындай жарқылдаған спортшы енді Париж Олимпиадасына алаңсыз дайындалады.

Айта кетейік, Италия төрінде Сәкенмен бірге Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Айбек Оралбай және Нұрбек Оралбай тапсырманы орындап, Париж Олимпиадасына жолдамаларын жеңіп алды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ақтау қаласының тұрғыны полицейлердің азаптауларына шағымданды

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫ ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫНА АЙНАЛАДЫ

AdiletTV

Биткоин бағасы бұрын-соңды болмаған ең жоғары деңгейге жетті