5.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

Аргентинада ақшаны иемденіп жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ұсталды

Аргентинада Интерполдың Ұлттық бюросының сұрауы бойынша Андрей Хазбулатов ұсталды, деп хабарлайды AdiletTV.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өткен жылдың жазында Астана қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде (бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету, яғни кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ұрлау) қылмыс жасағаны үшін адамға халықаралық іздеу жариялаған болатын.

Ер адам 196 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз иемденген деп күдіктенеді.

Андрей Хазбулатов — философия докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол Қазақстанның 2050 жылға дейінгі мәдени саясатының тұжырымдамасы мен «Кинематография туралы» заңның авторларының бірі. Түркістан қаласын дамыту бойынша рұқсат беру құжаттамасын жасау бойынша ЮНЕСКО Халықаралық сарапшылар тобының мүшесі. «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС бас директоры, «Күлтөбе қалашығының тарихи объектілерін қалпына келтіру» жобасының ғылыми жетекшісі.

2009-2014 жылдары Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім беру саласында жұмыс істеді. Оқытушы болып басталып, ғылыми жұмыс жөніндегі проректорға дейін жетті.

2014-2019 жылдар аралығында Мәдениет және спорт министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 2016 жылы Хазболатовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік наградасы берілді. Оны бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі табыс етті.

2019 жылдың мамыр айында Андрей Хазбулатов Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын басқарды. Оның тағайындалғаны туралы Арыстанбек Мұхамедиұлы да хабарлаған болатын. Орталық кино жобаларын қаржылай қолдау және кинематография саласындағы субсидияларды төлеу үшін құрылды.

Биылғы жылдың ақпан айында Астанадағы сот экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойы тыйым сала отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыруға кесген болатын.

Мұхамедиұлына қатысты бұл үкім соңғы бірнеше жылда үшінші болып отыр. Бұған дейін Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталған деп танылған болатын. 2023 жылдың маусым айында ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу

Related posts

Тоқаев Қазақстан мен Литва арасындағы келісімге енген өзгертулерді ратификациялады

admin

Қазақстандықтар неге көп ақша жұмсайды

8 наурызға дейін 1 миллион теңге көлеміндегі көмекке кім құқылы