3.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да балаларға арналған қауіпті орындар картасы пайда болды

Шығыс Қазақстан облысында пилоттық режимде балаларға қауіпті нысандар көрсетілген онлайн-платформа әзірленді, деп хабарлайды AdiletTV ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Самар ауданының прокуратурасы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жол картасы және жарақаттанудың алдын алу кешенді бағдарламасы аясында білім бөлімімен бірлесіп балаларға қауіпті нысандардың пилоттық паспортын дайындады.

«Атап айтқанда, қолданыстағы геодеректерді пилоттық режимде интеграциялау арқылы балаларға арналған қауіпті объектілердің бірыңғай электрондық (онлайн) картасы жасалып, Instagram әлеуметтік желісінде орналастырылған.

Сілтемеден қараусыз қалған құрылыстардың, үйлердің, шұңқырлардың, су қоймаларының, трансформаторлық үйшіктер мен кәріз люктерінің суреттерін көруге болады.

«Ыңғайлы болуы үшін кез келген азамат тізімді толықтыру үшін қауіпті орын туралы хабарлай алады. Проблемаларды белгілеп, жеке сипаттаманы, фото-, бейнені қосу мүмкіндігі бар. Картадағы кемшіліктердің жойылуына қарай уәкілетті органдар жұмысының тиімділігін бағалауға болады «, — делінген ШҚО прокуратурасының хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың ақпан айында Президент Тоқаев білім беру және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі заңға қол қойған болатын.

Балалар ата-анасының немқұрайлығынан қайтыс болады: ІІМ-де қорқынышты статистика жарияланды

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында ІІМ алқа отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Атап айтқанда, өткен жылы кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар саны 22 пайызға артты. Президент алдын алу жұмыстарын, соның ішінде мектеп басшылығымен бірлесе отырып, күшейту қажеттігін атап өтті.

Бөлісу

Related posts

Наурыз әр жүректе: Абай облысында халықтық мереке ретінде атап өтіледі

admin

Тоқаев Израильдегі жаңа елшіні тағайындады

admin

«Бір балаға 70 мың теңге». Бірыңғай балалар жәрдемақысы туралы ақпаратқа Еңбек министрлігі түсініктеме берді