Жаңалықтар Қоғам

22 наурызда ұлттық киімді Петропавл тұрғындары автобустармен тегін жүре алады

22 наурызда Петропавлда ұлттық киім киетіндер үшін автобустармен жүру тегін болады. Акция Наурыз мерекесі онкүндігі аясында өткізіледі, деп хабарлайды Aspan.info Петропавл News-ке сілтеме жасай отырып. Осылайша, тасымалдаушылар солтүстікқазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтауға шешім қабылдады. Бұл күні Петропавлда көрмелер, челлендждер, концерттер, қайырымдылық акциялары, шеберлік сыныптары, жарыстар, байқаулар, спектакльдер өтеді — Наурыз биыл жаңаша және кеңінен атап өтіледі. Біз қазақстандықтардың құттықтау күні — Көрісу күнін қалай атап өтетінін әңгімеледік. Ал мұнда Наурызнаманың 10 күндік кестесін көруге болады.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Гондурастың бұрынғы президенті есірткі саудагерлерімен байланысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ақтөбе облысында ит құдықтан құтқарылды

admin

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Пікір қалдырыңыз