16.3 C
Shymkent
14 января, 2026
Қоғам

Астанада Наурыз мерекесі кімге төленеді

Өткен жылдың қазан айында елорда мәслихатының депутаттары әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекітті, деп хабарлайды тілш AdiletTV

Осы құжатқа сәйкес мұқтаж азаматтардың тізімі бекітілді, әлеуметтік көмектің мөлшері белгіленді, сондай-ақ ол төленетін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізімі анықталды. Олардың арасында Наурыз мейрамы да бар.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабынан көрініп тұрғандай, бұл мерекеге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 2,5 айлық есептік көрсеткіш (2024 жылы — 9230 теңге) мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем төленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, әкімдіктер 21 мерекелік күнге орай мұқтаж қазақстандықтарға әлеуметтік көмек көрсетуде. Бұл ретте олардың тізбесі, сондай-ақ өңірлердегі төлемдер мөлшері ерекшеленеді және нақты әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетінің мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БӨЛШЕК САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ 2 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕТІЛДІ

admin

«Шаш ал десе, бас алуға жол жоқ!» Шетелдегі активтер қалай қайтарылып жатыр?

admin

ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫН ДИАЛОГ АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫРУДЫ ҰСЫНДЫ

admin