0.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘКІМДЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

Елімізде әз-Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту жоспарланған. Наурызнама онкүндігі аясында әр күн ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталып, Түркістан облысында да түрлі тақырыпта іс-шаралар өтіп жатыр. 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Қазақтың ұлттық киімдерін ұлықтауға арналған күні Түркістан облысындағы барлық мемлекеттік қызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен келді. Облыс әкімінің аппараты және басқармалардың, аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері мен коммуналдық мемлекеттік мекеме мамандары да аталған бастаманы қуана қолдады. Ел тарихы мен ұлт мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған ұлттық киімді насихаттау – әрбіріміздің міндетіміз. Айта кетейік, Түркістан облысында 23 наурызға дейін Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралар күнделікті жалғасады. Ал, бүгін сағат 16:00-де «Керуен сарай» туристік кешенінде Түркістан облысындағы туристік маусымның салтанатты ашылуы өтеді. Түркістанның Түркі әлемінің 2024 жылғы туристік астанасы атанғанына байланысты іс-шаралар легі басталады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу

Related posts

Қазақстандықтар мемлекеттік сатып алу ережелерін бұзғаны үшін нақты мерзімге ие болды

admin

Қазақстандықтарға деректері сыртқа шыққан zaimer.kz дерекқорында екені туралы ескертулер ала бастады

admin

ТҮРКІСТАНДА «АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Leave a Comment