32.3 C
Shymkent
21 мая, 2025
Жаңалықтар Қоғам

Әлеуметтік желілерде Рудный қаласындағы мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпарат таратылды

Рудный қаласында белгісіз адам әлеуметтік желілерде мектептерге шабуыл жасалатыны туралы ақпарат таратты. Бұл туралы Рудный полиция басқармасынан хабарлады AdiletTV

«Құрметті Рудный қаласының тұрғындары. Әлеуметтік желілерде мектептердің бірінде белгісіз адамдар қылмыс дайындап жатқаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратылуда.

Бұл факт полицияда тіркелген. Жарияланымның авторын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде «, — делінген хабарламада.

Полиция азаматтардан арандатушылыққа, жалған хабарламаларды таратпауды және тек ресми деректерге ғана сенуді сұрады. Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыда сейсмикалық қауіпсіздік басқармасы қашан пайда болады және ол немен айналысады

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КЕҢ ЖАЙЛАУДА АТАЛЫП ӨТКЕН ӘЗ-НАУРЫЗДЫ 10 МЫҢНАН АСА АДАМ ТАМАШАЛАДЫ

admin

Есілдегі көлік жуу орнында полицей мен азаматтық азамат көліктен өлі күйінде табылды