Қоғам

ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА КӨШЕТ ЕГУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару. Осы күні

«Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулықтың бастауы» деген атпен облысымыздың барлық өңірінде ағаш егу шарасын өткізу ұсынылған.

Жаңару күнінде аудан әкімі Азат Оралбаев пен зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар, мекемелердің қызметкерлері, тұрғындар орталық саябақ аумағына көшеттер мен сәндік ағаштар отырғызды.

Көппен бірге көшет отырғызған аудан әкімі бұл бастаманың мәні зор екенін, көгалдандыру жұмыстары ай көлемінде жүргізілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ әрбір тұрғын өзінің ауласын, тіпті аудан аумағын жасыл желекпен көмкеруге үлес қосуы тиіс екенін тілге тиек етті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҰЛТТЫҚ КИІМ: ЖЕРГІЛІКТІ ДИЗАЙНЕРЛЕР ТОПТАМАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

admin

Наурыз, Ронни және Нэнси: Ақордада Тоқаевтың таза қаны туралы әңгімеледі

Алматыда көлік жүргізушісі ЖКО салдарынан қаза тапты