12.3 C
Shymkent
25 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ

Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы жеке қабылдау өткізді. Азаматтардың талап-тiлектерiн тыңдап, кез-келген мәселе заң аясында шешілетінін түсіндірді. Себебі қабылдауға келген 12 мәселенің басым көпшілігі – жер дауы.

Өзекті мәселелермен қатар, Маңғыстау облысынан келген кәсіпкер қызыл балық, тері, жем өндіруге бағытталған жобасын таныстырды. Ермек Кенжеханұлы жаңа жобаларды әрдайым қолдайтынын жеткізіп, тиісті басқармаға бағыт-бағдар беруді, тиісінше көмектесуді тапсырды.

Сонымен қатар Түркістандық тұрғын үйірлі шегірткемен жұмыс жөнінде өз жобасын таныстырып, Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын пилоттық жоба ретінде кешенді түрде өткізудің талаптарын өзгертуді ұсынды. Облыс әкімінің орынбасары аталмыш мәселе бойынша тиісті басқармамен бірлесе жұмыс істеуге шақырып, алдағы науқанда шегірткемен күрес қарқынын тоқтатпауды тапсырды.

«Қоғамдық қабылдауда айтылған түйткілдерді зерделеп, шешілуіне барынша атсалысамын. Дегенмен жер мәселесі бойынша келген әрбір өтініш арнайы құрылған комиссия немесе сот шешімімен заң аясында қаралады» деді облыс әкімінің орынбасары.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

Related posts

Атырау облысының Миялы ауылының тұрғындары су басу қаупінен эвакуацияланды

admin

Шымкенттегі дендропаркте сегіз мың ағаш құрғап қалды

admin

Қазақстанда жүргізушілердің бір санаты үшін ең төменгі жасты төмендетуі мүмкін

admin