14.3 C
Shymkent
4 октября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖІБЕК САЛАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Сарыағаш ауданында «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұйымдастыруымен жібек саласын дамыту бойынша семинар өтті. Семинарға Сарыағаш ауданы және көршілес орналасқан ауданның осы салаға қызығушылық танытқан шаруалары және тәжірибе бөлісу үшін өзбекстандық жібек өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Сайфиддин Валиев, шаруа қожалықтары басшылығы атынан Абдулпатто Мусурмонқулов пен Ахмаджон Мусурмонқулов қатысты.
Семинарда «Ырыс» МҚҰ мен «Оңтүстік» АИО өкілдері болды. Олар қаржылық қолдау көрсету шарттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өңірде пилоттық жоба енді іске асырылып жатыр. Аудандар қызығушылық танытуда. Атап айтсақ, олардың қатарында Шардара, Жетісай, Мақтарал, Сарыағаш, Келес аудандары бар.
Түркістан облысында тоқыма өнеркәсібін дамыту, оның ішінде, жібек кластерін дамыту бойынша жол картасы бекітілген. Ол 4 кезеңнен тұрады. Бірінші – тұт ағаштарын отырғызып азықтық базаны дайындау. Екінші – көшеттерді отырғызу. Үшінші – жібек құртының кокондарын жинау, жібек жіптерін өндіру. Ал төртінші кезең – жібек өнімдерін шығару.
Айта кетейік, жібек – жібек құртының пілләсынан өндіріліп, тоқыма-мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық. Оны өндіру облыс экономикасын ары қарай дамытуға мол септігін тигізеді. Өндірілген өнімнің бір келісін көршілес өзбекстандық инвесторлар 600 теңгеге дейін сатып алатындықтарын айтады. Мамандардың айтуынша, асыранды жібек құрты барлық жібектің 90%-ын береді. Көп еңбекті қажет ететіндіктен, бағасы да қымбат. Сондықтан жасанды жібек өндірісін жолға қою – табысты арттырудың тиімді тәсілі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ұлытау облысындағы жолдарды еріген қар суы батырып жатыр

Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыз бала 10 күннен бері іздестірілуде

ТҮРКІСТАНДА БЕЛАРУСЬ МАМАНДАРЫ ОТА ЖАСАДЫ

admin