13.3 C
Shymkent
19 сентября, 2025
Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА «БАЗАРДАҒЫ КІТАПХАНА» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бүгін Созақ ауданындағы «Бекұлы» сауда орталығында қоғамдық мәдениетті арттыру мақсатында «Базардағы кітапхана» жобасы іске қосылды. Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов арнайы қатысып, жобаның кәсіпкерлер мен базарға келушілері үшін және барлық оқырманға пайдасы мен тиімді тұстарына тоқталып өтті. Сондай-ақ кітапхана ұжымына сәттілік тіледі.

«Бекұлы» сауда орталығында орналасқан кітап пунктіне кітапхана қорынан тарихи және көркем әдебиет бағытындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар және соңғы кезде сұранысқа ие болып жатқан кітаптар, оқулықтар қойылған. Бұдан бөлек жауапты кітапханашылар оқырманның сұранысына сай сөрелерді толықтырып отырады.

Айта кетейік, «Базардағы кітапхана» жобасы жыл басында облыс орталығындағы үлкен сауда орталығынан бастау алған болатын. Одан соң, Сарыағаш және Сайрам ауданында ашылды. Төртінші болып іске қосылған бұл кітапханаға көпшілік қуанышын жеткізді. Бұл бастама өңірдегі өзге де аудан, қалаларда жалғасын табады деп жоспарлануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Астанада және жеті облыста тұман, жел, қар: дауылды ескерту жарияланды

admin

Алматыдағы жер сілкінісі: қандай жағдайда мемлекет тұрғын үйді жөндеуді өтейді

admin

Польшада көлік жиналған адамдардың арасына соқты: ондаған адам жарақат алды