14.3 C
Shymkent
4 октября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

Наурыз мерекесіне орай, бүгін Түркістан қаласындағы «Экобазар» сауда кешенінде «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының ұйымдастыруымен азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр. Оған облыс кәсіпкерлері белсене қатысып, қала тұрғындарына өз өнімдерін арзан бағаға ұсынуда.

Жәрмеңкеге тұрақтандыру қорынан 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары қойылды. Тауар нарықтағы бағадан 30-40 пайызға арзан сатылуда. Атап айтсақ, 1 келі шекер – 380 тг, тұз – 45 тг, картоп және сәбіздің 1 келісі – 100 тг, пияз – 57 тг, қырыққабат – 90 тг, І сұрыпты ұн – 190 тг, сары май – 2300 тг, сүзбе – 1300 тг, тауық еті – 950 тг, сиыр еті – 2200 тг, қарақұмық – 270 тг, күріш – 390 тг, 1 литр күнбағыс майы – 635 тг, сүт – 270 тг, айран – 320 тг, 1 нан – 70 тг, жұмыртқа – 42 тг саудалануда. Сонымен қатар сиыр етінің 1 келісі 2200 теңгеден, ал, тартылған ет 2300 теңгеден сатылды.

Тұтынушылар мұндағы азық-түлік бағалары базар бағасынан едәуір арзан екенін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Данияр Өтемұратов 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Қазақстан уақытты өзгертті: сағат неше болды?

ТҮРКИЯ ЕЛШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ЖОҒАРЫ БАҒАСЫН БЕРДІ

admin