Жаңалықтар Қоғам Спорт Түркістан

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Облыс орталығында Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық спорт күні аталып өтті. Октябрь Жарылқапов атындағы стадионда өткен спорттық шараны қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев ашып, Ұлттық спорт күнінің маңыздылығына тоқталды.
«Ұлттық спортымыз халқымыздың тамыры тереңнен тартылатын тарихымызбен тұтасып жатыр. Ұлыс мерекесінде арнайы Ұттық спорт күнін белгілеуіміз жастар арасында ұлттық құндылығымызды дәріптеуге бағытталды», деді Мекенхан Қырықбаев.
Іс-шарада тоғызқұмалақ, арқан тартыс, қол күрес, асық ату, ләңгі тебу, гір тасын көтеру сынды спорт түрлерінен 300-ге жуық тұрғын бақ сынады.
Жарыстың ең жас қатысушысы 9 жаста болса, ересектер де тартысты ойын-өрнегін көрсетті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қар, жел. 2 наурыздағы Қазақстандағы ауа райы

АФМ Қазақстанға жүк көліктерін әкелудің қылмыстық схемасын анықтады

admin

Гүлдер, сыйлықтар, жарқын эмоциялар: Қостанай облысында 8 наурыз тойланады

Пікір қалдырыңыз