4.3 C
Shymkent
11 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТІРКЕУ, ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында «Бектіліген халық тіркелімі» порталында 2 миллионнан астам халық бар. Соның ішінде азаматтардың 80 пайыздан астамы сақтандырылған. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмегендер 20 пайызды құрап отыр. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен штаб отырысында баяндалды.
Жиын барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Нұрлан Қыдырбаев халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша қолға алған жұмыстарды баяндады. Бұдан бөлек Облыстық білім басқармасы, Кентау қаласы мен Сауран ауданы өкілдерінің осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар мен туындап жатқан мәселелер жөніндегі есебі тыңдалды. Медициналық ұйым тарапынан өткен жылдың қараша айынан бастап осы күнге дейін 450 мыңға жуық аралас жұмыстары жүргізілген. Осы уақыт аралығында 4559 жүкті әйел жүйеде тіркеліп, оның ішіндегі жұмыссыздары мемлекеттік жеңілдік санатына ие болған. Облыс әкімінің орынбасары тіркелмегендердің арнайы тізімін дайындауды, түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Күн тәртібінде аса қауіпті жұқпалы аурулардың жұқтыру қауіптілігі де қаралды. Облыстың санитарлық-эпидемиалогиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, сібір жарасы, құтыру арушаңдықтары бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, Түркістан өңірі республика көлемінде аталған індеттерді жұқтыру қауіптілігі жоғары аймаққа жатады. Өткен жылы облыста қолайсыз жағдай қалыптасқан. КҚГҚ тіркелуі бойынша өңірде соңғы 10 жылға талдау жасалды. Расталған диагнозбен 81 жағдай тіркелген. Былтыр кене шаққан 1623 адам медициналық ұйымдарға қаралған. Наурыз бен қараша айы аралығында жиі тіркелетіні анықталған.
Жиын соңында алдын алу шараларына баса мән беру, жүргізіліп жатқан көтемгі дезинсекциялық жұмыстар туралы тұрғындарды хабардар ету, залалсыздандыру жұмыстарының сапасын арттырып, сақтық шараларын күшейту жөнінде тапсырма берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАСАНДЫ КӨЛДІҢ МАҢЫНДА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

admin

«Оның тарапынан бюджетке қосымша құюлар қарастырылуда» — АФМ төрағасының орынбасары Қайрат Боранбаев туралы

Жүргізушінің эмоциялық өтінішіне «ҚазАвтоЖол» АҚ жауап берді

Пікір қалдырыңыз