20.3 C
Shymkent
17 сентября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Спорт Шымкент

ҰЛТТЫҚ СПОРТ РУХЫМЫЗДЫ АСҚАҚТАТТЫ

Бүгін 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай, Атшабарда ұлттық ат спорт түрлерінен түрлі жарыстар өтті. Додалы жарысқа қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты.
Жарыс бағдарламасына сәйкес алдымен қыздар арасындағы конкурстан ашық турнир болды. Сәйгүлікті тізгіндеген қыздар кедергілерден секіріп, бір-бірінен озып түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Ергешова Томирис бірінші орынға ие болды. Екінші теңге ілу жарысы өтті. Бұл бәсекеде Бақыт Төлтай теңге ілуде мүлт кетпей, епті болып шықты. Білекті жігіттер арасындағы аударыспақ ойынында жігіттер біразға дейін бірін-бірі ала алмай, алысты. Дегенмен, Мұқағали Көбейдің білегі мықты болды.
Ал көкпаршылар арасындағы қызу тартыста көрермендерді бір желпіп тастады. Бұл додада «Адырна» мен «Арғымақ» командалары сайысқа түсті. Нәтижесінде 6:5 есебімен «Адырна» командасының абыройы биік болды.
Мерекелік шарада ұлттық көне ойынның бірі қыз қуу сайысы да қызықты өтті. Жарыс барысында жігіт қызды қуып жетсе, бірде қыздың қамшысының астына қалып жатты.
Ал көне жауынгерлік ойыны жамбы атуда ат құлағында ойнаған ұл-қыздар жүйрік тұлпармен шауып бара жатып, белгіленген нысананы көздеді. Сонымен бірге, дәстүрлі садақ жарысы ұйымдастырылды. Жамбы атуда Жүзбай Ерасыл ерлесе, қыздар арасында Сатыбалды Әсемай мергендік танытты.
Сайыс соңында көрермендер күткен аламан бәйге жарысы да көпшіліктің делебесін қоздырып, атойлатты. Жарыс бағдарламасына сәйкес шабандоздар жеті айналым бойынша межелі 14 шақырымды бағындырды. Аламан бәйгеде «Бегімай» атты арғымақ бабында екенін көрсетіп, оқ бойы оза шауып, бас жүлдеге ие болды.
Бұл сайыста бабы мен бағы қатар шапқан оқ бойы озық келді.
Ұлттық спорт күніне арналып, ұйымдастырылған іс-шараның соңы жүйріктер мен мықтыларды марапаттаумен аяқталды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Екі жасөспірім оқушыны топпен ұрып-соғудан кейін колонияға жіберіледі

admin

САЙРАМДЫҚТАР 6 МЫҢНАН АСТАМ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

admin

Ғалымдар ең көне жұлдызды тапты

Пікір қалдырыңыз