5.3 C
Shymkent
10 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

Қошанов: Президент Көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде өткізуді тапсырды

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов V Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарын өткізуге дейін кері санауды іске қосу салтанатты рәсіміне қатысты. Елордада EXPO халықаралық көрме орталығында арнайы табло орнатылды. Жарысқа 171 күн қалды.

Шараға Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Билал Ердоған, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов қатысты.

Салтанатты рәсімді ашқан Мәжіліс спикері жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтап, Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары тек түркі тілдес елдер үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін айтулы сайысқа айналғанын атап өтті.

Ерлан Қошанов қазіргі уақытта елімізде осы ауқымды жарыстарға белсенді дайындық жүріп жатқанын атап өтті.

«Көшпенділер ойындарын Қазақстанда лайықты өткізу біз үшін үлкен мәртебе, үлкен жауапкершілік. Мемлекет басшысы бұл турнирді ең жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Алдағы жарыстар табысты өтетініне және бауырлас түркі халықтарының арасындағы өзара ынтымақтастық пен мәдени байланыстарды кеңейтуге жаңа серпін беретініне сенімдімін. Бұл біздің елдеріміз арасындағы рухани байланыстарды одан әрі нығайтудағы тағы бір қадам болмақ «, — деді Мәжіліс спикері.

Қазақстанда өтетін Көшпенділер ойындарына әлемнің 100-ден астам елінің өкілдері қатысады деп күтілуде. Қазірдің өзінде 60 елдің командаларынан растаулар бар. 4 мыңға жуық спортшы 20 спорт түрінен бақ сынасады. Мереке Ұлы дала кеңістігінде бір апта бойы жалғасады.

Салтанатты рәсімнен кейін қонақтар қолөнершілердің «Наурыз мейрамы Астана 2024» жәрмеңкесіне барып, Наурыз мейрамына арналған мерекелік концертті тамашалады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қарағанды облысының дәрігерлеріне жаңа пәтерлердің кілті табысталды

admin

Солтүстік Қазақстанда антикор депутатты ұстады

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Пікір қалдырыңыз