11.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

Президент Алматы әкімін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды AdiletTV тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Досаев мемлекет басшысына Алматының дамуы туралы есеп берді. Оның айтуынша, соңғы екі айда қала экономикасы 1,7 пайызға өсті. Жергілікті бюджетке түсімдер 55 пайызға өсіп, 287,5 миллиард теңгеге жетті. Қалада 190 миллиард теңге инвестиция тартылды. Әкімнің айтуынша, Мемлекет басшысының өткен жылғы тамызда берген тапсырмаларын орындау аясында қаланы полицентрикалық дамытуға, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың сейсмикалық қауіпсіздігін күшейтуге, нүктелік құрылысты болдырмауға бағытталған қалалық құрылысқа жаңа талаптарды енгізу бойынша шаралар кешені жүзеге асырылуда. Әкім қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру шаралары туралы да айтып берді: 23 қаңтардағы жер сілкінісінен кейін тұрғындар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 183 объектіге тексеру жүргізілді, елеулі зақымданулар табылған жоқ; 4 наурыздағы жер сілкінісінен кейінгі өтініштер бойынша 363 объектіні кешенді тексеру басталды; 2024 жылы сейсмикалық аудитпен 13,2 мың объект қамтылатын болады. ТЖ жағдайында азаматтарды уақтылы хабардар ету мақсатында 1 маусымға дейін пилоттық режимде Mass Alert жүйесі енгізіледі. Досаевтың айтуынша, қалада қалдықтарды басқару жүйесі де өзгерді. Президент экономиканы одан әрі әртараптандыру, мегаполистің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Бөлісу

Related posts

Токаев принял генерального прокурора

Испанияда Telegram блокталады

admin

Су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залал қалай өтеліп жатыр

AdiletTV

Leave a Comment