-0.7 C
Shymkent
25 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін киелі шаһарда Ұлыстың ұлы күніне орай дүбірлі той жалғасын тапты. «Жеңіс» саябағында Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Нұр жауғызған әз Наурыз» театрландырылған мерекелік шарасына қала басшылығы, зиялы қауым өкілдері, киелі шаһар тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Мерекелік думан «Наурыз – жәдігер» қолөнер шеберлері мен суретшілер көрмесі және «Сауалнама» атты кітап көрмесімен басталды. Онда Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері насихатталған.

Ұлыстың ұлы күнінде ата-бабамыздың бүгінгі ауыз әдебиеті арқылы мұра боп жеткен Жарапазан жыры қайтадан жаңғырып, ұлтымыздың көне дәстүрі жаңғырды. Қазақ халқының мереке-мейрамда спорттық және ұлттық ойындарда өзгешелігі айқын, тарихы ұзақ. Саябаққа ағылған қала тұрғындары сайыс алаңдарына жиналып, ұлттық ойындарды тамашалады. Оның ішінде арқан тарту, қол күрес, кір тасын көтеру, асық ату, күрес, қой көтеру сынды ұлттық спорттық ойындар қамтылды. Қонақтардың назарына «Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамблінің «Наурыз күй» өнері ұсынылды. «Яссы» би ансамблінің «Көктем» биімен сахна шымылдығы түрілді.

«Наурыз» әнінің ырғағында әжелер шашу шашып, жиылған халық наурыз көже мен ыстық бауырсақтан дәм татты. Жұрт көңілі мерейлі мақтанышқа толы, ақтарыла айтқан ақ жүрек тілектері де асқақтай, әуелей естілетін мерекеде қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев және Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы сөз алып, түркістандықтарды мерекемен құттықтады.

Қазақстандық fashion-индустрияда дамып келе жатқан «Aida KaumeNOVA» сән үйінің киімдер коллекциясы ұсынылды. Әдемі, сәнді, көркем pret-a-porter de lux коллекциясын шығарушы, табысты әрі жас дизайнер қолынан шыққан дүниелер шараның шырайын ашқандай. Түркістан қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары Наурыз туралы әндерден попури орындап, ақ қанатты киіз үйлергеөнер көрсетті. Дүбірлі думанға жиналған ағайынның мерейі тасып, ақ тілегін ақтарды. Әрі қарай NAURIZ BIG FEST Халықаралық фестиваліне ұласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

Related posts

«Қатаң бақылауды қамтамасыз ету». Президент Тоқаев Әлихан Смайыловты қабылдады

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТІРКЕУ, ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ