16.3 C
Shymkent
25 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ СУ БАСУ ҚАУПІ БАСЫМ АЙМАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

Түркістан облысында су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында барлық күштер мен құралдар топтамасы алдын ала қалыптастырылды. AdiletTV Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды.

Өңірде күннің күрт жылынып, бірнеше күннен бері толассыз жауған жауыннан ең алғашқы еріп тасыған қар суы, яғни “қызыл судан” өзен-көлдерде су деңгейі көтерілуде.

Осыған орай көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Сауран ауданындағы су басу қаупі басым аймақтарды аралап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сырдария өзенінің ағысындағы елді мекендердің тұрғындарымен жүздесті.

Түркістан облысы ТЖ департаментінде жедел штаб құрылды. Үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында ТЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жаңбыр суын сору жұмыстарын жалғастыруда. Жолындағы жайпап өтетін “қызыл судан” қорғану үшін бөгеттер қойылып, су арналары қауіпсіз аймаққа ауыстырылып жатыр. Құрал-жабдықтар мен инертті материалдар ретке келтірілген. Маман да арнайы техника да жеткілікті.

Жағдай тұрақты болғандықтан қауіпті учаскелер жауапты қызметкерлер мен құзыретті органдардың жіті бақылауында. Тасқын кезінде халықты шұғыл эвакуациялауға арналған орын дайын.

Мамандар облыстың барлық аймағында наурыз айында түсетін жауын-шашын көлемі нормадан жоғары болады деп ескертеді.

Бөлісу

Related posts

Наурыз, Ронни және Нэнси: Ақордада Тоқаевтың таза қаны туралы әңгімеледі

Макрон Елисей сарайында қазақ тазасымен түсірілді

Ақтөбе облысында автокөлікті еріген қар суы басып қалды