29.3 C
Shymkent
Шілде 13, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КЕҢ ЖАЙЛАУДА АТАЛЫП ӨТКЕН ӘЗ-НАУРЫЗДЫ 10 МЫҢНАН АСА АДАМ ТАМАШАЛАДЫ

Түркістан облысы, Келес ауданында Ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып өтті. 22 наурыз күні Қоңыртөбе елді мекенінде орналасқан кең жайлауда мерекелік шара ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтары, жалпы 10 мыңнан аса адам шараны тамашалады. AdiletTV Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды.

Жазық жайлауда 20-дан астам киіз үй тігіліп, алтыбақандар мен ұлттық ойындарға арналған алаңшалар ашылды. Салт-дәстүрлерді паш ететін қойылымдар қойылып, түрлі ұлт өкілдерінің әндері шырқалды. Жұртшылық қолөнер шеберлері мен ұлттық тағамдардың көрмесін тамашалады. Шара барысында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев сөз алып, көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жылы Наурыз жаңа, ерекше форматта атап өтілуде. Осыған орай, Түркістан облысында Наурыз мерекесін 10 күн бойы игі істермен, мазмұнды іс-шаралармен қарсы алудамыз. Бүкіл аудан, ауылдарда елді тазалыққа, бірлікке, елдікке, берекеге бастайтын, мәдениет пен салт-дәстүріміз насихатталған шаралар ұйымдастырылды. Ал бүгін біз Сіздермен Келес төріндегі Наурыз мерекесінде кездесіп тұрмыз. Біздің өңірде де бұл мейрам жаңаша сипат алып, кең дала төсінде тойлаудамыз. Ат шаптырып, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырутда бұл бастамалардың үлесі мол деп есептеймін, – деді аудан басшысы Жәнібек Есенұлы.

Мерекелік жиын аудандық мәдениет үйі дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасып, түрлі сахналық қойылымдар қойылды. Сондай-ақ, тұсау кесер, қыз қуу, аударыспақ, көкпар, арқан тарту сынды қазақтың ұлттық ойындары дәріптеліп, көпшілікке көтеріңікі көңіл күй сыйланды. Кең дала төсінде ұйымдастырылған шарада елімізге танымал эстрада жұлдыздары Асан Пердешов, Шәмші Дүкенбайұлы және «Миллион» командасының капитаны Қанат Тасхан өнер көрсетті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залал қалай өтеліп жатыр

AdiletTV

Арменияда полиция учаскесіне жасалған шабуылдың себебін атады – БАҚ

Ақтөбе облысында ит құдықтан құтқарылды

admin