5.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАНДАҒЫ НАУРЫЗ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ДЕҢГЕЙІНДЕ ТОЙЛАНДЫ

Биыл Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атанды. Бұл мәртебе тарихи шаһарды одан әрі әлемге танытуға сеп болмақ. Бүгін киелі шаһарда түркі елдерінің өнерпаздарының қатысуымен өткен «Армысың, әз Наурыз!» салтанатты іс-шарасы соның дәлеліндей. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды.
Мерекелік жиынға Түркі елдерінен халықаралық «Voice of Turan-2023» қазақ әндері фестивалінің жеңімпазы Лаэлия Алиева (Әзербайжан), Татьяна Ефремова (Татарстан), Zainetdin (Башқұртстан) келді. Ардақ Балажанова, Махмуд Урумбаев, «Асыл әжелер» ансамблі, «Бисұлтан» би ансамблі, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрының және Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының әртістері, «АКА» шығармашылық орталығының оқушылары және «Тұмар», «Жұлдыздар», «Балауса», «Еркетай», «Таңшолпан», «Керуен», «Сымбат» хореграфиялық ұжымдары, «Тuran» boys, «Яссы», «Фараб» би ансамбльдері Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының және «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің өнерпаздары, «Алқоңыр» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.
«Табиғаттың оянуы» мен «Армысың, әз Наурыз!» театрландырылған музыкалық хореографиялық қойылымы мен «Түркістан» композициясы, сахналық көріністер көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қазақ халқының тұрмыс-салт жыры саналатын «Жарапазан» айтылды. Түркі халқының достығы мен ұлттық салт-дәстүр дәріптелетін әндер шырқалды. Киіз үйлер тігіліп, қонақтарға есігін айқара ашты. Ұлттық спорттық ойындары, атап айтқанда қазақ күресі, қол күрес, арқан тарту, тоғызқұмалақ, қошқар көтеру сынды сайыстар өтіп жатыр. Сонымен қатар «Тұсаукесер» рәсімі, қолөнер шеберлері мен суретшілерінің, ұлттық тағамдардың көрмесі әзірленген. Думанды мереке кешкі концерттік бағдарламамен жалғасады.
Түркістандағы Наурыз тойына еліміздің өзге өңірлері мен Түркі елдерінен қонақтар келді. Сонымен бірге Еуропа мен Азия елдерінен келген 20-ға жуық БАҚ өкілі Ұлыстың ұлы күніне арнаған дүбірлі тойды тамашалады.
Бөлісу

Related posts

Ақтауда өте үлкен сәби дүниеге келді

Алматылықтарға электр энергиясының өшірілуі мүмкін екендігі ескертілді

Балқаш тұрғындары су құбырындағы апатқа байланысты сусыз қалды

admin

Leave a Comment