25.3 C
Shymkent
22 июля, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Тіршілікке жан бітіп, Жер Ана бусанатын көрікті көктеммен бірге келетін әз-Наурыз мерекесін ордабасылықтар кең көлемде атап өтті.

Аудан орталығындағы алаңда өткен мерекелік шара таңертеңгі сағат 10-да басталды. Алаңда 12 киіз үй тігіліп, әр киіз үйдің алдында ұлттық ойындар ойналып, беташар, тұсау кесер, қыз ұзату, бесікке салу сияқты ұлттық салт-дәстүрлер көпшіліктің назарына ұсынылды.

Алаңда Наурыз керуені жүріп өтті. Онда салт-дәстүрлер қамтылып, мерекенің мәні одан әрі ашылды және игі шараның маңызын арттыра түсті. Мерекелік шарада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі де ұйымдастырылып, онда ауданның бірқатар тауарөндірушілері өздерінің өнімдерін ұсынды.

Мерекеге жиылған қауым мен қонақтарға ауданның, облыстың өнерпаздары концерттік бағдарламалар мен театрландырылған көріністер тарту етті. Сонымен қатар қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Тұрғындар алтыбақан теуіп, ұлттық, спорттық ойындарға белсене қатысты.

Мерекелік шарада аудан әкімі Азат Оралбаев құттықтау тілегін айтты.

Жақсылықтың жаршысы болған осынау күні ел ағалары Темірлан елді мекеніне кіреберісте бой көтерген монументтің аумағына ағаш отырғызып, үш жүздің басын қосқан құтты мекеннің өсіп-өркендеуі не тілектес екендерін білдіріп, баталарын берді.

AdieltTV Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматы мен Астана тұрғындарына ауаның ластануы туралы ескертілді

WhatsApp-та «тыңдау» туралы фейк таратылады

admin

Владимир Ли Қазақстанның даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болды