24.3 C
Shymkent
14 октября, 2025
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Тіршілікке жан бітіп, Жер Ана бусанатын көрікті көктеммен бірге келетін әз-Наурыз мерекесін ордабасылықтар кең көлемде атап өтті.
Аудан орталығындағы алаңда өткен мерекелік шара таңертеңгі сағат 10-да басталды. Алаңда 12 киіз үй тігіліп, әр киіз үйдің алдында ұлттық ойындар ойналып, беташар, тұсау кесер, қыз ұзату, бесікке салу сияқты ұлттық салт-дәстүрлер көпшіліктің назарына ұсынылды.
Алаңда Наурыз керуені жүріп өтті. Онда салт-дәстүрлер қамтылып, мерекенің мәні одан әрі ашылды және игі шараның маңызын арттыра түсті. Мерекелік шарада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі де ұйымдастырылып, онда ауданның бірқатар тауарөндірушілері өздерінің өнімдерін ұсынды.
Мерекеге жиылған қауым мен қонақтарға ауданның, облыстың өнерпаздары концерттік бағдарламалар мен театрландырылған көріністер тарту етті. Сонымен қатар қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Тұрғындар алтыбақан теуіп, ұлттық, спорттық ойындарға белсене қатысты.
Мерекелік шарада аудан әкімі Азат Оралбаев құттықтау тілегін айтты.
Жақсылықтың жаршысы болған осынау күні ел ағалары Темірлан елді мекеніне кіреберісте бой көтерген монументтің аумағына ағаш отырғызып, үш жүздің басын қосқан құтты мекеннің өсіп-өркендеуі не тілектес екендерін білдіріп, баталарын берді.
Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Өзбекстан мен Тәжікстанның 17 азаматын тас жолда құтқарып қалды.

admin

Қазақстанда автобус жүргізушісі мамандығы бойынша білім алғысы келетіндердің саны 20 есеге азайды

Түркияда алаяқтық жасағаны үшін іздеудегі адам ұсталды

admin

Пікір қалдырыңыз