-0.7 C
Shymkent
24 ноября, 2024
Әлем жаңалықтары(Основная Рубрика) Жаңалықтар Қоғам

Испанияда Telegram блокталады

Сот бірқатар медиакомпаниялардың қосымша пайдаланушыларға өз контентін рұқсатсыз жүктеуге мүмкіндік береді деген шағымдарынан кейін шешім қабылдады. Сервисті бұғаттау шағымдарды қарау барысында жалғасады, AdiletTV тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Испанияның Жоғарғы соты Mediaset, Atresmedia және Movistar Plus жергілікті медиакомпанияларының қосымшаның пайдаланушыларға авторлық рұқсатсыз дыбыс-бейне мазмұнды жүктеуге мүмкіндік беретініне шағымдарына байланысты елдегі Telegram хабарламаларымен алмасу қосымшасының жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Хабарламада айтылғандай, Испанияда Telegram-ды пайдалану 25 наурыздан бастап уақытша тоқтатылады.

Судья Сантьяго Педрас наразылықтарды тергеу кезінде ел аумағында мессенджер қызметіне тыйым салуға келісті. Соттағы дереккөздің айтуынша, Telegram қызметтерін бұғаттау ұялы байланыс операторларына жүктеледі. Тергеу қашан жалғасады, нақтыланған жоқ. Telegram басшылығының әрекеті белгісіз.

CNMC монополияға қарсы органының деректері бойынша Telegram Испанияда ең көп пайдаланылатын хабар алмасу сервистері арасында төртінші орында тұр. Оны CNMC сауалнамасына қатысқан испандықтардың 19 пайызы пайдаланған.

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысында бірнеше мешітке ұрлыққа түсті деген күдікпен жігіт ұсталды

Ақтауда вандалдар 2,5 миллион теңгеге селкілдерді сындырды

admin

Алматыда Медеуге жаңа автобустар шығарылды