-0.7 C
Shymkent
25 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Түркістан – еліміздің туристік әлеуеті зор өңірдің бірі. Облыс орталығынан бөлек, Отырар өңірі де киелі аймақ саналады. Облыс басшысы Дархан Сатыбалды «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-на арнайы барды. Іссапар барысында Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасап, «Отырар төбе» қалашығының жұмысы барысымен танысты.

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының басшылығы облыс әкіміне музей-қорықтың бүгінгі жай-күйі мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Болашақ даму жоспарына тоқталды.

Облыс әкімі ежелден ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің ордасы болған Отырар өлкесінің қазақ өркениеті үшін зор маңызы бар екеніне тоқталып, туристерге танымдық ақпарат беруді, келушілерге сапалы қызмет көрсетуді, туристік әлеуетін одан әрі дамытуды ұсынды.

Арыстанбаб – 11-12 ғасырларда өмір сүрген, ислам ғүламаларының бірі, Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы. Кесенеде Қарға баба, Лашын баба және Шерімбет әздер жерленген. Құрылыстың бастапқы мазары XIІ ғасырда басталған. XІV ғасырда Әмір Темір кесене тұрғызған. ХХ ғасырдың 1907-1909 жылдары (хижра бойынша 1327 жыл ) Қалмырза Мүсәпірұлы Арыстанбаб кесене-мешітін, және басқа да жерлеріне қайта жөндеу жүргізген. Соңғы жөндеу жұмыстары 2004 жылы жүргізілген. Археологиялық-қорық мұражайында 24852 экспонат қоры бар. Ал ғылыми кітапханадағы кітап саны – 3180. Бүгінде 76,5 штат бірлікте қызметкерлер жұмыс істейді. 2023 жылы кесенеге келушілер 278844 адамды құраған.

Жұмыс сапары кесенеден соң «Отырар қалажұрты» туристік нысанында жалғасты. Жер учаскесінің алаңы –189,6 га. Ұлы Жібек жолындағы ірі орталықтың бірі саналатын Отырар – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ортағасырлық қала. Өзге ортағасыр қалалары сияқты Отырар қалажұрты да цитадель, шаһристан және рабад тәрізді үш бөліктен тұрады. Қаланың шаһристан бөлігінің аумағы 20 га, рабадымен қоса есептегенде 200 гектарды құрайды.

Қос нысанның да туристік мүмкіндігі өте жоғары. Мемлекет тарапынан тарихи ескерткіштер мен көне қаланы сақтау, қолдау жұмыстары жалғасады.

AdieltTV Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Бөлісу

Related posts

Алматы облысында «резеңке» пәтерлер табылды

admin

Жамбыл облысында 42 ауылды су басуы мүмкін

AdiletTV

Қазақстандағы жер сілкінісі: құтқарушыларға жүздеген қоңыраулар түсті