-7.7 C
Shymkent
12 декабря, 2024
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан Президенті бірқатар заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды. Олардың мәтіні баспасөзде жарияланады, AdiletTV тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Заң халықаралық іскерлік операциялар мен халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде трансферттік баға белгілеуді жетілдіруге бағытталған.

Заңда нарықтық бағаны айқындау тетіктері қайта қаралды, тауар биржаларында трансферттік баға белгілеу бойынша бақылау енгізілді, мәмілеге қатысушыларды өзара байланысты деп тану критерийлері кеңейтілді, сондай-ақ жергілікті есептілікті ұсыну бойынша өзара байланысты емес тұлғалармен мәмілелерге қатысушылардың міндеті енгізілді.

Қабылданған түзетулердің мақсаты әділ нарықтық бағаны айқындау және мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің ысырабын болдырмау, трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша бақылау жүргізу кезінде тексеруші органдар мен салық төлеушілердің әкімшілік шығындарын төмендету болып табылады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Халықаралық су ағындарын пайдаланудың кеме жүрмейтін түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Бөлісу

Related posts

Алматыдағы жер сілкінісі: қандай жағдайда мемлекет тұрғын үйді жөндеуді өтейді

Алматы облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

admin

Алматы облысының сот орындаушысы жиналған алимент төлемдерін ұрлады деген күдікке ілінді