22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

Президент Тоқаев Кипр сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбосты қабылдады, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Кипр Республикасымен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға ұмтылысын растады. Президент атап өткендей, дипломатиялық қарым-қатынастың 32 жылы ішінде Астана мен Никосия берік саяси диалог орнатып, инвестициялық ынтымақтастық орнатты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр үкіметінің Астанада елшілік ашу туралы шешімін құптады. Оның айтуынша, бұл қадам дипломатиялық қарым-қатынастардың жаңа тарауын белгілеп, серіктестіктің дамуына серпін береді.

Константинос Комбос көрсетілген қонақжайлылық үшін алғысын білдіре отырып, Қазақстан мен Кипр арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасылды. Сондай-ақ БҰҰ мен ЕО желісі бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін қоса алғанда, халықаралық және өңірлік күн тәртібі қаралды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Грекия президентіне жеделхат жолдаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Катерина Сакелларопула мен грек халқын ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді

AdiletTV

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Жапон ғалымы: Көктөбе телемұнарасы сейсмикалық дүмпулерге дайын емес

admin

Пікір қалдырыңыз